| 08.02.2011 |
|
2011 жылғы 8 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат Уәлихан Әбішұлы Қайсаровтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Уәлихан Әбішұлы Қайсаров мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жария етіп, осындай шешімнің қабылдануының себептерін айтты. «Президенттікке үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау барлық талаптарға сай орындалды. Жылдан жылға мемлекеттік тілдің ауқымы кеңейіп, оған қойылатын талаптардың да өсіп келе жатқандығы белгілі. Үміткер үш тапсырма орындады. Бірінші жазбаша тапсырма мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат өзі таңдаған тақырыпты аша алмады, ойы шашыраңқы, сабақтастық жоқ. Орфографиялық, стильдік, пунтуациялық қателер көп, барлығы 28 қате жіберілген. Еркін тақырып бойынша 15-минуттық сөз сөйлеу арқылы өз ойын еркін жеткізе алмады. Сөзі көбінесе орыс тілінде қалыптасқан ойын қазақ тіліне сөзбе-сөз аудару арқылы жеткізілгендіктен, қазақ тілінің стилистикалық ерекшеліктері ескерілмеді. Сондықтан лингвистикалық комиссия үміткер мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім қабылдады»,- деп атап өтті комиссия төрағасы.
Лингвистикалық комиссияның шешімі 2011 жылғы 8 ақпандағы №2 хаттамамен ресімделген.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
