| 13.05.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР ОСК Төрағасы Б. Имашев сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 14-ші Еуропа конференциясына қатысады
(Ресей, Санкт-Петербург қ., 2017 ж. 15-16 мамыр)
2017 жылғы 15-16 мамырда Санкт-Петербург қаласында «Тиімді сайлау органдары және демократиялық сайлау» тақырыбында сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдардың 14-ші Еуропа конференциясы өтеді. Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы бірлесіп Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы мен қатысушы-мемлекеттердің ТМД Парламентаралық Ассамблеясымен конференция ұйымдастырды. Аталған конференцияға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.М. Имашев қатысады.
Сайлау процесінің түрлі аспектілері бойынша сайлауды ұйымдастырушылар конференциясын Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы жыл сайынғы негізде еуропалық мемлекеттердің орталық сайлау органдарымен ынтымақтастықта өткізеді.
Санкт-Петербургтегі конференцияда толыққанды, айқын және ашық сайлау процесін қамтамасыз ету мақсатында сайлау органдарының біліктілігі мен тиімділігін арттыру, олардың тәуелсіздігін және бейтараптығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын болады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
