| 10.02.2011 |
|
2011 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Ұлттық Демократиялық Халықаралық қатынастары Институтының (NDI) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Директоры Эми Шульцты оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесуде Қазақстандағы демократиялық үрдістерге қатысы мәселелер, сондай-ақ 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сұрақтар талқыланды.
«Сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес республика Президентінің кезектен тыс сайлауы тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өтуі тиіс. Сондықтан біз Президенттікке кандидаттардың қызметін ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында шаралар қабылдадық. Бұл ретте, Ортсайлаукомның 10 ақпандағы қаулысымен аумақтық сайлау комиссиялары мен Ортсайлауком үшін жекелеген сайлау рәсімдерінің мерзімдері қысқартылды»,- деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.
Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде NDI мен Орталық сайлау комиссиясы арасындағы өзара ынтымақтастықтың бағыттары туралы сұрақ талқылынды.
Эми Шульц ханым NDI мен ҚР ОСК-сы арасындағы ынтымақтастықтың жақсы дәстүрлері 2003 жылдан бері жалғасып келе жатқанын баса айтты, және Ұлттық Демократиялық Халықаралық қатынастары Институтының қазақстандық сайлауды ұйымдастырушыларға азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу, дауыс беру рәсімдері сұрақтары бойынша хабардар ету жөнінде көмек көрсетуді көздеп отырғанын білдірді. Кездесу соңында тараптар азаматтардың сайлауға қатысуы мен хабардарлығы деңгейін арттыру сұрақтары бойынша NDI мен ОСК-ның ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
