| 02.05.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының өкімімен ҚР ОСК аппаратының басшысы болып Камалов Бахтияр Камалұлы тағайындалды.

1957 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Филолог, экономист және заңгер мамандықтары бойынша үш жоғарғы білім бар. Еңбек жолын 1980 жылы мектеп мұғалімі болып бастаған.
Алматы облыстық атқару комитеті жасөспірімдер істері жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы, Алматы қ. Мәскеу аудандық комитеті комсомол ұйымдары, аудандық партия ұйымы бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарған.
ҚР Еңбек министрлігі Жұмыспен қамту департаменті төрағасының орынбасары болып, сондай-ақ ҚР Экономика және сауда министрлігі құрылымында басшылық лауазымдарында қызмет жасаған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бас бақылау инспекциясының сарапшысы болған.
ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Алматы қ. ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы, ҚР Әділет министрлігі Алматы қ. Кадрлар департаментінің директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігі Алматы қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет жасаған.
ҚР ОСК-ға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымында болған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
