| 09.02.2011 |
|
2011 жылғы 9 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат М.С.Дуамбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Дуамбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Президенттікке үміткер бірінші жазбаша тапсырма бойынша ойын сауатты жеткізген, сөйлем құрамы дұрыс. Бірақ жазба жұмысында тыныс белгілеріне қатысты және орфографиялық 5 қате жіберген.
Екінші тапсырма бойынша Президенттікке кандидат М.Жұмабаевтың 3 бет өлеңдерін жақсы деңгейде оқып шықты. Үшінші тапсырма бойынша өз ойын 15 минут ауызша айтып берді. Үміткердің баяндауы жүйелі, сөйлеу тілі жатық, ойын еркін жеткізе алады. Сондықтан лингвистикалық комиссия Президенттікке кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады»,- деп атап өтті. Лингвистикалық комиссияның шешімі 2011 жылғы 9 ақпандағы №3 хаттамамен ресімделген.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
