| 26.04.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. Мұстафина Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясындағы әріптестерімен кездесті

2017 жылғы 25 сәуірінде ҚР ОСК мүшесі Сабила Мұстафина Қазақстан делегациясының Ресей Федерациясы Орталық сайлау комисссиясына жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Николай Левичевпен, Василий Лихачевпен және РФ ОСК аппараты басшысының орынбасары Владимир Грачевпен кездесті.
Тараптар Азия сайлау органдары қауымдастығының (Association of Asian Election Authorities) аясында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді. 2017 жылғы наурыз айында осы беделді халықаралық ұйымның вице-Төрағасы болып Ресей сайланды, ал Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қауымдастықтың Атқарушы комитетінің құрамына енді.
Ресей тарапы әр елдің тарихи, мәдени, әлеуметтік-саяси дәстүрлеріне байланысты ерекшеліктерді сақтай отырып, жаһандық әлем шеңберінде электоратттық сувернитетті қамтамасыз ету мақсатында Азия сайлау органдарының ассоциациясының аясында сайлауды байқау жөнінде миссияларды ұйымдастыруға күш жұмылдыруды ұсынды.
Кездесу барысында 2009 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы арасындағы Ынтымақтастық және құқықтық ақпарат алмасу туралы хаттаманы іске асырудың практикалық аспектілерін кеңейту жолымен екіжақты байланыстарды дамытудың келешегі талқыланды.
Қазақстан тарапы сайлау процесіне қатысушыларды оқыту, сайлауды автоматтандыру процесін дамыту және сайлауды ұйымдастырудың және өткізудің басқа да аспектілері жөнінде тәжірибе алмасу бөлігінде Ресей Орталық сайлау комиссиясына өзінің жұмыс сапарының қорытындысына қанағаттанғандығын білдірді.
БАҚ –пен байланыс және электораттық оқытуды
ұйымдастыру ҚР ОСК-ның бөлімі
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
