| 11.02.2011 |
|
2011 жылғы 11 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссияның Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі отырысы болып өтті
Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша рәсімнің нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М. Жолдасбеков комиссия шешімін жариялай келе, «Лингвистикалық комиссияның көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша жұмыс орындау үшін ұсынған тақырыбы «Әлем және Қазақстан». Оқу үшін Нұрсұлтан Әбішұлына Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдері, сөз сөйлеу үшін «Қоғам және демократия» тақырыбы ұсынылды. Әрине, біз Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ тілін қаншалықты тамаша меңгергенін жақсы білеміз. Дегенмен, Мемлекет басшысы Конституция мен сайлау туралы заңнама талаптарын сыйлай отырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған тапсырмалардың барлығын өте жақсы орындап шықты. Біз барлық сұрақтарға мейілінше толық жауап алдық»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов пен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
