| 12.02.2011 |
|
2011 жылғы 12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтіп, онда Президентікке кандидат Сәлім Сағындықұлы Өтеннің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі тексерілді.
Емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат С.С.Өтен мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Бүгін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тексеру бойынша емтиханды Президенттіке кандидат Сәлім Өтен өтті. Оның тапсырмалары мынадай болды: «Қазақ елі: дәстүр және мәдениет» тақырыбына жазбаша жұмыс, одан соң Мұхтар Әуезовтың «Абай Жолы» эпопеясынан үш бет мәтін оқу, және соңғысы «Ел мүддесі және қайраткерлік» деген еркін тақырыпта сөз сөйлеу. Кандидат тапсырмаларды жақсы деңгейде орындап шықты. Біз Сәлім Сағындықұлы Өтен қазақ тілін еркін меңгерген деген байламға келдік»,- деді.
Лингвистикалық комиссияның шешімі 2011 жылғы 12 ақпандағы № 6 хаттамамен ресімделген.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
