| 12.02.2011 |
|
2011 жылғы 12 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде қаулы қабылдады.
Сол күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын берді.
Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдаған расталған қолдардың саны 91 мың 010 қолды құрайды. Қол жинауды кандидаттардың сенім білдірілген адамдары жүргізеді. Қол жинау топтарының саны мен ондағы адамдар саны шектелмейді.
Қол қою парақтарының бүлінуі немесе жоғалып қалуы мүмкіндігін ескере отырып, Ортсайлауком әрбір кандидатқа 100 мың қол жинауға жететіндей етіп, 5 мың дана қол қою парақтарын береді. Қажет болған жағдайда кандидаттарға қосымша қол қою парақтары берілетін болады.
Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн ішінде қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерінің қатысуымен тексереді, тиісті хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.
Қолдардың растығын тексеру Президенттікке кандидатқа қажет сандағы қолдарды растағанға дейін жүргізіледі. Яғни, азаматтардың 91 мың 010 қолы расталғаннан кейін, қалған қолдардың растығы тексерілмейді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
