| 16.02.2011 |
|
2011 жылғы 16 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Джон Ордвей мырзаны алдағы болатын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысымен таныстырып өтті.
«Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы екі ай мерзім ішінде өткізілетін болғандықтан, кандидаттар үшін де, сайлауды ұйымдастырушылар үшін де негізгі сайлауалды шараларды өткізу уақыты біршама қысқарса да, жеткілікті болып табылады. Дегенмен, үміткерлердің өздерінің сайлауалды шараларын ұйымдастыруға уақытының көбірек болуын көздей отырып, біз ОСК мен аумақтық сайлау комиссиялары үшін кейбір рәсімдерді өткізу мерзімін қысқарту қажет деп шештік. Одан басқа, соңғы жылдары өткізілген сайлауларда сайлаушылардың электрондық бюллетеньдермен дауыс беру динамикасын ескере отырып, алдағы сайлауда «Сайлау» ААЖ қолданылмайды деген тоқтамға келдік»,- деді Қуандық Тұрғанқұлов.
Бұдан әрі Ортсайлауком басшысы республиканың сайлау заңнамасын ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның ұсыныстарын ескере отырып, одан әрі жетілдіруге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сайлау науқандарын ұйымдастыруға қатысты тағы да бірқатар сұрақтар талқыланған кездесу соңында Джон Ордвей мырза Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасы кез келген сайлауды халықаралық стандарттарына сәйкес өткізуге мүмкіндік беретініне сенімділігін білдірді және ҚР ОСК арқылы барлық сайлауды ұйымдастырушыларға табыс тіледі. «Мен Қазақстанда бұдан бұрын өткен үш сайлау науқанының куәсі болдым. Біз биылғы науқан барысын да байқап отыратын боламыз», - деп атап өтті Джон Ордвей.
Кездесу соңында тараптар ҚР ОСК мен АҚШ Елшілігінің арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен өзара түсіністік дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға келісті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
