| 16.02.2011 |
|
2011 жылғы 16 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы, лингвистикалық комиссияның 2011 жылғы 15 ақпандағы шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қанат Сабырұлы Есжанов Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес емес деп анықтады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабы 1-тармағына сәйкес, азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2- және 3-тармақтарында, сайлау туралы Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарды қанағаттандыруға тиіс.
Президенттікке кандидаттың Констиуция мен сайлау туралы Конституциялық заң оған қоятын талаптарға сәйкестігін Ортсайлауком азаматтың өзін-өзі ұсыну туралы өтінішін берген сәттен бастап бес күн ішінде белгілейді. Бұл ретте Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі Республика Констиуциялық Кеңесінің Констиуцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беруі туралы актісіне сәйкес Ортсайлаукомның қаулысымен анықталады (сайлау туралы Конституциялық заңның 54-бабының 2-тармағы).
Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін Ортсайлаукомның 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысымен лингвистикалық комиссия құрылған (2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25 қаулымен оның құрамына өзгерістер енгізілген).
Лингвистикалық комиссия 2011 жылғы 15 ақпандағы отырысында (№7 хаттама) Қ.С.Есжановты мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп белгіледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қ.С.Есжановты Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
