| 16.02.2011 |
|
2011 жылғы 16 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат Қ.С. Турагелдиевтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қанат Сбашұлы Турагелдиев тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Үміткер «Қазақ тілі елдік пен ерліктің негізі» деген тақырыпта шығарма жазды. Ол қазақ тілінде өзінің ойын жеткізе алды. Ойы тиянақты, сөз құрауы дұрыс, аздаған қателері бар. Орфографиялық қатесі – 1, тыныс белгілерінен кеткен қателер – 5, стильдік 1 қате жіберді. Бас-аяғы қателер саны - 7.
Емтиханның екінші кезеңінде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін нақшына келтіріп, мәнерлеп, өте жақсы оқыды. Үшінші кезеңде «Отаным алтын бесігім» тақырыбындағы еркін әңгіме болды. Үміткердің Отан туралы, ел туралы, халық туралы, дін туралы ұғымдарының бәрі анық. Бізге кандидаттың өз ойын қалай жеткізгені ұнады»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
