| 11.02.2017 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Түрікменстан сайлау және
референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Төрағасы Г. Мурадовпен кездесті
Бүгін, 2017 жылғы 11 ақпанда, Ашғабат қ. Түрікменстан Президентінің сайлауын халықаралық байқау шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Түрікменстан сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының Басшысы Гулмурад Мурадовпен кездесті.
Кездесу барысында Түрікменстан Президенті сайлауының тәжірибелік аспектілері, науқанның барысы мен ерекшеліктері, сайлау органдарының жұмысы, сондай-ақ олардың сайлау процесінің ашықтығы мен оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін алдын ала қабылданған шаралар талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ортсайлаукомының Басшысы Түрікменстан мен Қазақстан орталық сайлау органдарының арасында көптеген бағыттар бойынша тиімді қызмет істеуге мүмкіндік беретін тығыз серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті: «Біз сайлауда байқаушылар топтарымен алмасамыз, ал сайлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде екі елде жинақталған сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерделейміз».
Түрікменстан ОСК Төрағасы Б. Имашевты сайлауды байқауға қатысқаны және екі елдің сайлау құрылымдарының одан арғы ынтымақтастығының перспективалары туралы жемісті пікір алмасқаны үшін ризашылығын білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
