| 17.02.2011 |
|
2011 жылғы 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат С.К.Нұрсиланың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Советқазы Күсетайұлы Нұрсила мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «С.Нұрсила «Атамекен» деген тақырыпта жазба жұмысын жазды. Тақырыпты ашу жағынан аздаП кемшін түскенімен, сөйлем құрап, жаза алатыны көрініп тұр. Екінші кезең бойынша үміткер М,Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. Мәтінді ол орташа оқыды десе болады. Себебі кейбір әріптерді жұтып қояды. Үшінші кезеңде үміткер "Мемлекеттік тіл - біріктіруші күш" деген тақырыпқа сөйледі. Бұл кезеңде біздің үміткер мемлекеттік тіліміздің күші мен құдіреті жөнінде айтудан көрі, тіл мәселесі, тілдің мәртебесі, аударма сияқты мәселелер жөнінде көп айтты. Бұл ретте үміткер тақырыпты түбегейлі ашты деп айта алмаймыз. Дегенмен оның қазақы ортада өсіп, қазақша ойлайтындығы көрініп тұр. Осының барлығын сараптай келгенде комиссия мүшелері С.Нұрсила мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды шығарды»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
