| 17.02.2011 |
|
2011 жылғы 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат Жамбыл Аужанұлы.Ахметбековтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Ж.Ахметбеков «Астана - бас қала» тақырыбына жақсы шығарма жазды. Орфографиялық қателері жоқ. Тыныс белгісінен 2 қате, стильдік 2 қате бар. Бізді Ж.Ахметбековтың сөйлем құрауы, тақырыпты ашуы қанғаттандырды.
Екінші кезеңде үміткер Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын өте жақсы оқыды. Оның дикциясы да жақсы, мәнерлеп оқуы да бәрі көңілден шықты.
Үшінші еркін тақырып «Адам және табиғат» деп аталды. Бұл адамзатты толғандырып жүрген өзекті мәселе. Біздің үміткер бұл тақырыптың да табиғатын ашты. Байсалды, еркін, өте жақсы сөйледі. Табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты өте жақсы түсіндіріп бере алды. Осыларды ескере келе лингвистикалық комиссия мүшелері Ж.Ахметбеков қазақ тілін еркін меңгерген деген байлам жасап отыр»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
