| 17.02.2011 |
|
2011 жылғы 16 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған Советқазы Күсетайұлы Нұрсила 17 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясында Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырды.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Советқазы Күсетайұлы Нұрсила мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады.
Алайда, Советқазы Күсетайұлы сайлау науқанына одан әрі қатысудан бас тартып, өз кандидатурасын алып тастады.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына тиісті өтініш бере отырып, С.К.Нұрсила: «Конституцияда көзделгендей, Қазақстанның әрбір азаматының Президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынуына толық мүмкіндігі бар екеніне көзім жетті. Менің көздегенім де осы болатын» деп мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
