| 13.12.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
13 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясында ұжымның
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
салтанатты жиналысы болды
13 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясында ұжымның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысы болды.
ҚР ОСК комиссиясының Төрағасы Б. Имашев құттықтау барысында Ортсайлауком мүшелері мен аппарат қызметкерлерін марапаттады.
Қазақтан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №382 Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С.С. Мұстафина «Парасат» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №380 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдерімен Ортсайлауком Төрағасы Б.М. Имашев, Ортсайлауком мүшелері С.С. Мұстафина, Л.Ж. Сүлеймен және М.А. Сәрсембаев, сондай-ақ ҚР ОСК аппаратының 8 қызметкері марапатталды.
ҚР ОСК Төрағасы салтанатты жиналыс шеңберінде қатысушыларды құттықтап, «Бұл мейрам негізді түрде мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің нышаны. Тәуелсіздік алғаннан сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жарқын жетістіктерімен және табысты өзгертулермен жалғастыруда» - деп атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
