| 12.12.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері
«Қырғыз Республикасындағы сайлау реформасы: жетістіктері мен одан әрі дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты
2016 жылғы 10 желтоқсанда Бішкек қ. елде өтіп жатқан жергілікті кенештер депутаттарының сайлауына және референдумға орайластырылған «Қырғыз Республикасындағы сайлау реформасы: жетістіктері мен одан әрі дамуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысы болды.
Қырғыз Республикасы Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясының қызметкерлері Мемлекеттік тіркеу қызметімен бірлесіп автоматтық түрде оқитын жәшікшелердің жұмысын, сондай-ақ сайлаушылардың биометрикалық сәйкестендіру жүйесін көрсетті.
Сонымен қатар 2015 жылғы 4 қазандағы Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауында шетелдегі 36 және байланыс болмаған 16 сайлау учаскесін санамағанда 2 322 сайлау учаскесіндегі АОЖ-дан (барлық АОЖ-ның 99,3%-ы) дауыс беру нәтижелері туралы деректер түскені ерекше атап өтілді. АОЖ қолдану арқасында сайлаудың нәтижесі 95% ықтималдықпен дауыс беру аяқталғаннан кейін 2 сағат ішінде белгілі болды, бұл азаматтардың сайлау нәтижелеріне деген сеніміне ие болды.
Қазіргі уақытта Қырғызстан автоматтық түрде оқитын жәшікшелер жүйесін енгізген Орта Азиядағы жалғыз мемлекет. Сайлаушылар тізімдеріне тек биометрикалық тіркеуден өткен азаматтар ғана енгізіледі, яғни дауыс беруге жіберілу үшін сайлаушының бармақтарының ізтаңбалары сәйкестендірілуі тиіс.
Дөңгелек үстелге әлемнің 25 елінен 200-ге жуық халықаралық байқаушы, оның ішінде ШЫҰ, ТМД, Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы миссияларының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Грузия, Үндістан, Украина, Түркия, Молдова, Литва мен Латвия және басқа елдердің өкілдері қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
