| 11.12.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бүгін 2016 жылғы 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Қырғыз Республикасында өтіп жатқан
референдумды байқауға қатысуда
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Қырғыз Республикасының сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Н.К. Шайлдабекованың шақыруы бойынша «Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» Қырғыз Республикасы Заңының жобасы жөнінде референдумды байқауға қатысуда.
Б.Имашев Бішкек қаласында №1214 сайлау учаскесінің ашылу рәсіміне қатысты, және бірқатар сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, олардың сайлау процесінің ашықтығын және оның ұлттық сайлау заңнамасына сәйкес өтуін қамтамасыз ету үшін жасалған қажетті шаралармен танысты.
Байқау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ортсайлауком басшысы референдумдың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, учаскелік сайлау комиссияларының кәсіпқойлығын, сайлау процесінің транспаренттігі және ашықтығын атап өтті.
Сайлауға әлемнің 35 елінің 46 халықаралық ұйымынан барлығы 181 халықаралық байқаушы аккредиттелді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
