| 30.11.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
С.С. Мұстафина «Сайлау заңнамасы мен рәсімдерді жетілдіру мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңестің жұмысына қатысты
29 қарашада Көкшетау қаласында «Сайлау заңнамасы мен рәсімдерді жетілдіру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес болды, оның жұмысына Қазақстан Рсепубликасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С.С. Мұстафина қатысты.
Семинар – кеңестің шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С.С. Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасындағы парламеттік сайлауды байқау жөніндегі соңғы есебіне түсініктемесімен таныстырды.
Іс-шара барысында өңірдің Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қабылданған қаулылары бойынша ұсыныстары, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың 2017 жылға арналған электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелері мен ұсыныстары талқыланды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесу барысында айтылған өңірлердің ұсыныстары ҚР ОСК отырысында қорытылып, қаралады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
