| 14.11.2016 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі К.В. Петров
Молдова Республикасы Президентін сайлаудың екінші турын байқауға қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі К.В. Петров 2016 жылғы 13 қарашада болған Молдова Республикасы Президентін сайлаудың екінші кезеңін байқауға қатысты.
Сапар барысында 12 қарашада К. Петров ТМД-дан байқаушылар Миссиясының штабында болды, сондай-ақ Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Комиссия хатшысы В. Агригораемен, Молдова ОСК аппаратының басшысы Л. Лупашкомен және Ақпараттық технологиялар және сайлаушылар тізімін жүргізу басқармасының бастығы А. Балмошпен кездесті.
Молдова ОСК-ның өкілдерімен кездесуде сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері, сайлаушылар тізімдерін құру және өзекті ету жөніндегі жұмыс талқыланды. Дауыс беру күні қарсаңында және сайлау күні К. Петров Кишинев қаласында бірқатар сайлау учаскелерінде болып, сайлауға дайындық ерекшеліктерімен, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімімен, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысты.
Дауыс беру күні кешке Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Үйлестірушілер кеңесінің отырысына қатысты.
Молдова Республикасы Президентін сайлаудың екінші кезеңін байқауды ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына енген Қазақстан Республикасының барлығы 4 өкілі жүзеге асырды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
