| 03.11.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұйымдастырған «Сайлауды байқау және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының ұсынымдарын орындау» тақырыбындағы семинар жұмысына қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаев 2016 жылғы 2 қарашада Вена (Австрия) қаласында «Сайлауды байқау және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының ұсынымдарын орындау» тақырыбында өткен семинар жұмысына қатысты.
Іс-шараның әкімшісі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) болды, ал оған ЕҚЫҰ-ның сайлау жөніндегі сарапшылары, парламенттердің депутаттары, сайлау органдарының, халықаралық ұйымдардың және ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыс барысында сайлау саласындағы халықаралық міндеттемелер, әйелдердің қатысуын ынталандыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қорғау сияқты сайлау стандарттарындағы оң өзгерістер талқыланды. Бұл ретте ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының ұсынымдарын орындау жөніндегі қиындықтар, атап айтқанда сайлау науқанын қаржыландырудың айқындығы мен сайлау науқаны барысында кандидаттар мен партияларды әкімшілік қолдау мәселелері атап өтілді.
Сонымен қатар семинарға қатысушылар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын орындау жөніндегі практиканы, ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің осы үшін қолданатын арнайы тетіктерін қарауға аса көңіл бөлді.
Ұсынымдарды орындауға ынталандырудағы ұлттық парламенттер мен парламенттік ассамблеялардың рөлі, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын іске асыру процесіндегі ҮЕҰ-ның рөлі ерекше атап өтілді.
Cеминардың аяқталуы кезінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау саласындағы бұдан әрі қызметі туралы пікір алмасу болды. Іс-шараға қатысушылар басты бағыттардың бірі: заңнамаларға шолу, заң жобалау қызметіндегі құқықтық сараптама, заңнаманың сайлау бөлігіндегі жекелеген бөлімдерін терең бағалау, ұсынымдарды орындау бойынша және басқа да үздік электораттық практика бойынша техникалық көмек, ҮЕҰ-дан сайлауды байқаушылар топтарын қолдау, аралық бағалау сапарлары, сондай-ақ көмек және үйлестіру болып табылатынын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
