| 18.02.2011 |
|
2011 жылғы 18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның кандидат М.Х. Елеусізовтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша отырысы болып өтті.
Өткізілген емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Мэлс Хамзаұлы Елеусізов мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы М.Жолдасбеков комиссияның шешімін жариялай келе, «Ол шығарманы жақсы жазды. Жазба жұмысы екі бет емес, үш бет болып шықты. Шығармада 7 қате бар. Оның 2- орфографиялық, 4- тыныс белгісінен жіберілген қате, 1 стильдік қате бар. М.Елеусізов тақырыпты жақсы ашты, ойы да орнықты.
Емтиханның екінші кезеңінде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін түсініп, ұғынып, мәнерлеп өте жақсы оқыды. Сондықтан біз екінші сынды да жақсы деп бағаладық. Ал үшінші сында «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген тақырып келді. Бұл тақырыпты да жақсы әңгімелеп берді. Осылайша лингвистикалық комиссия мүшелері М.Елеусізов қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытынды шығарды»,- деп атап өтті.
Лингвистикалық комиссияның отырысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
