| 31.10.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 30 қазанда өткен
мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау
қорытындылары туралы
Cайлау заңнамасына сәйкес 30 қазанда республиканың 10 өңірінде, 30 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау болды.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 10 облыстық, 6 қалалық, 17 аудандық, 30 округтік, 160 учаскелік сайлау комиссиялары тартылды.
Сайлау науқаны барысында барлығы 101 кандидат ұсынылды. Олардың ішінде 16-сы облыстық мәслихатқа, 35-і қалалық мәслихатқа және 50-і аудандық мәслихатқа дауысқа түсті.
31 үміткерді саяси партиялар ұсынды, 70 азамат өзін-өзі ұсынды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ретінде 96 адамды тіркеді.
Сайлау бюллетеньдеріне 92 кандидаттың тегі енгізілді.
Орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа шамамен 3 үміткерді құрады.
Дауыс беру 2016 жылғы 30 қазан күні 160 сайлау учаскесінде өтті.
Сайлаушылардың келуі 79,6 %-ды құрады.
Дауыс беру қорытындыларына сәйкес облыстық мәслихаттың 4 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 16 депутаты сайланды.
Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауды кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері - барлығы 396 адам жүзеге асырды.
Мәслихаттардың сайланған депутаттарының құрамында 29 (96,67 %) ер адам және 1 (3,33 %) әйел адам.
Мәслихаттардың сайланған депутаттарының орташа жасы – 45 жас.
Ең жас депутат (24 жас) Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының № 6 сайлау округінде сайланды. Ең ересек депутат (63 жас) – Қарағанды қаласы мәслихатының № 30 сайлау округінде.
Сайланған депутаттардың 96,67 % жоғары білімді, 3,33 %-ның арнайы орта білімі бар.
40 %-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 53,3 %-ы коммерциялық құрылымдарда қызмет атқарады, 6,7 %-ы – саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері.
Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті.
Ортсайлаукомға шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
