| 31.10.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысты
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б. Имашев Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен 2016 жылы 30 қазанда болған Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауға қатысты.
Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан Ортсайлаукомы Басшысының Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрайымы Алина Руссу ханыммен кездесуі болды.
Аталған кездесу шеңберінде Молдова Республикасында сайлау өткізудің практикалық аспектілері, ел Президентін сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы мен ерекшеліктері, сайлаушылардың электрондық тізімдерін құру мен өзектендіру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ сайлаушылардың келу мәселелері талқыланды.
Руссу ханым 2018 жылғы Молдовадағы парламенттік сайлауда пилоттық жоба ретінде электрондық дауыс беру жүйесі сыналатынын хабарлады. Ағымдағы сайлауда сайлаушыларды жынысы мен жасына қарай бөле отырып, олардың келуі туралы деректерді он-лайн ұсыну жүйесі пайдаланылуда.
Сондай-ақ Молдова ОСК Төрайымы сайлау органдары мүшелері мен электораттық науқанның басқа да қатысушыларын оқыту жөніндегі жұмыс туралы ақпараттандырды. Молдова ОСК жанындағы Сайлау саласындағы үздіксіз білім беру орталығы (ССҮБО) оқыту жоспарын әзірлеген, оған сәйкес сайлау процесіне қатысушылар үшін 270 семинар ұйымдастырылған. Бұл ретте барлық әдістемелік материалдар ССҮБО интернет-ресурсында орналастырылған.
Қазақстан Республикасы Ортсайлауком Басшысы Руссу ханымға түбегейлі ақпарат үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Молдова мен Қазақстанның сайлау органдары арасында көптеген бағыттар бойынша тиімді ынтамақтасуға мүмкіндік беретін тығыз әріптестік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. 2013 жылы аталған ынтымақтастықты нығайтып, кеңейтуге мүмкіндік тудыратын Өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
«Сайлауда байқаушылар топтары пікір алмасады, ал біз сайлау жүйелерін жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде біздің елдерімізде жинақталған сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесі мен практикасын зерделейміз» - деп атап өтті ол.
Дауыс беру күні Б. Имашев Кишинев және Орхей қалаларындағы бірқатар сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерінің ұйымдастырылу ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, сайлау процесінің айқындығын және оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін олар қолданатын шаралармен танысты.
Кешке Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ТМД-дан байқаушылар Миссиясының Үйлестірушілер кеңесінің отырысына, сондай-ақ Молдова ОСК-ның сайлау күнінің аяқталуына арналған конференциясына қатысты.
Қазақстан Республикасының барлығы 6 өкілі, олардың 3-еуі ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобының құрамына және 3-еуі Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен Молдова Республикасы Президентінің сайлауын байқауды жүзеге асырды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
