| 30.10.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қостанай облысында
мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі
сайлау науқанының барысы туралы
Жұмыс сапары барысында Ортсайлауком мүшесі С.С. Мұстафина Қостанай облысындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысымен танысты.
Өңірде 5 сайлау округінде: № 4 Тельман сайлау округі бойынша Денисов аудандық мәслихатына, № 5 Май сайлау округі бойынша Таранов аудандық мәслихатына, № 3 Мектеп сайлау округі бойынша Қостанай аудандық мәслихатына, № 5 Маяк сайлау округі бойынша Сарыкөл аудандық мәслихатына және № 2 Амангелді сайлау округі бойынша Арқалық қалалық мәслихатына сайлау тағайындалған.
5 бос депутаттық мандатқа жалпы алғанда 15 адам үміткер болып отыр.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 6 аумақтық, 5 округтік және 9 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды.
Бес округтегі сайлаушылардың жалпы саны шамамен 8,5 мың адамды құрайды.
Қостанай облысындағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 23 млн. теңге бөлінді. Бұл ретте тіркелген кандидаттың әрқайсысына сайлауалды үгіт жүргізу үшін, сондай-ақ көліктік шығыстарға 165 мың теңге бөлінді.
Кандидаттарға тіркелген 45 сенім білдірген адам сайлауалды үгіт жүргізуге көмектеседі.
29 қазанда С.С. Мұстафина Қостанай облыстық сайлау комиссиясымен кездесті. Кездесу барысында сайлау науқанын ұйымдастырушылық, құқықтық, әдістемелік және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері, алдағы дауыс беруге дайындық, сондай-ақ 2016 жылғы сайлау қорытындылары бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдары талқыланды.
Сонымен қатар дауыс беру күні қарсаңында және сайлау күні Ортсайлауком мүшесі Қостанай, Денисов және Таранов аудандарындағы бірқатар округтер мен учаскелерге барды, облыстың аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, онда сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін, сайлау органдарының дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару жөніндегі міндеттерін талқылауға ерекше көңіл бөлінді.
«Қостанай облысының сайлау органдары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды ұйымдастырушылық жұмысты еліміздің сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізді. Науқанның барлық кезеңдері, сондай-ақ барлық қажетті сайлау рәсімдері оларға айқындалған мерзімдерде жүзеге асырылып, белгіленген тәртіппен өткізілді» - деп атап өтті С. Мұстафина.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
