| 26.02.2011 |
|
2011 жылғы 26 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы қаулы қабылданды.
Сайлау заңнамасына сәйкес, мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді. Әрбір кандидаттың теледидардан он бес минут сөз сөйлеуіне, радиодан он минут сөз сөйлеуіне, ондай-ақ баспа басылымдарына 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялауына қаражат беріледі.
Кандидаттарға сайлауалды үгіт жүргізуге бөлінетін сомаларды есептеу негізіне Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ұсынған мәліметтер алынды.
Бұл ретте, кандидаттың бағдарламасын теледидар арқылы баяндауына 4 625 000 теңге сомасындағы қаражат бөлінеді. Радиодан 10 минут сөйлеуге әрбір кандидатқа бөлінетін сома 169 000 теңге.
Баспа басылымдарында 540 шаршы см. көлемінде екі мақала жариялау үшін кандидаттардың әрқайсына 810 000 теңге бөлінетін болады.
Одан басқа, кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар жалдауға 200 000 теңге, сондай-ақ баспа үгіт материалдарын басып шығаруға 290 000 теңге қаражат беріледі.
Тіркелген әрбір кандидатқа көлік шығындары үшін тағы 200 000 теңге бөлінеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
