| 24.02.2011 |
|
2011 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстан кейін болған брифинг барысында Ортсайлауком Басшысы кандидаттарды ұсыну қорытындылары, ұсынылған кандидатуралардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констиуциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін тексеру барысы, сондай-ақ кандидаттардың қол жинау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып өтті.
Барлығы 22 кандидат ұсынылды.
Олардың ішінде, саяси партиялар ұсынған кандидаттар – 3, қоғамдық бірлестіктер ұсынғандар – 1, өзін-өзі ұсынғандар – 18.
Ұсынылған кандидаттардың 18-і – ерлер, 4-і - әйелдер.
21 кандидаттың жоғары білімі, ал біреуінің арнайы орта білімі бар.
Қызметі бойынша: Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті, Парламент Сенатының депутаты, 1 мемлекеттік мекеме қызметкері, 5 коммерциялық құрылым қызметкерлері, 1 саяси партия қызметкері, 5 қоғамдық бірлестік қызметкерлері, 2 зейнеткер, 4 уақытша жұмыс істемейтіндер бар.
7 үміткер (У.Ә. Қайсаров, С.С. Өтен, А.Х. Асылбек, М.Н. Қожағұлова, М.Т. Қарамаева, Ж.А. Бәзілбаев, М.Х. Елеусізов) өз кандидатураларын 2005 жылғы президенттік сайлауда да ұсынған болатын.
Соның ішінде Ж.Ә.Бәзілбаев пен А.Х.Асылбек президенттік сайлауда өз кандидатураларын осымен үшінші рет ұсынып отыр: 1999, 2005 және 2011 жылдары.
Ортсайлауком өткізген тексерістердің нәтижелері бойынша, 22 үміткердің 12-сінің Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес екендігі анықталды.
5 кандидатқа қатысты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген тұжырым жасады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оларды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
3 кандидат белгісіз себептермен айтылған уақытта лингвистикалық комиссияның отырысына келмеді.
Бір кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі рәсімді өтуден бас тартты.
Тағы екі үміткер өз кандидатураларын алып тастады.
Конституция мен сайлау туралы Констиуциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігі анықталған кандидаттардың барлығына өздерін қолдайтын азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтары берілді.
Қол жинауды президенттікке кандидаттың сенім білдірілген адамдары ұйымдастырады.
Бүл ретте әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуы керек және онда кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, үміткерді қолдап қол жинаған сенім білдірілген адамның жеке қолы, тегі, аты және әкесінің аты, қол жинау жүргізілген елді мекеннің атауы көрсетілуі тиіс.
Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады.
Өңірлерден келіп түскен мәліметтерге қарағанда, 23 ақпандағы жағдай бойынша, 13 өңірде М.С. Дуамбековтың сенім білдірілген адамдары тіркелген.
С.С.Өтеннің сенім білдірілген адамдары 5 өңірде тіркелген.
Ж.А.Ахметбековтың сенім білдірілген адамдары қолдап қол жинауды еліміздің барлық 16 өңірінде жүргізуде.
Сондай-ақ, кандидаттар Ғ.Е. Қасымов пен М.Х.Елеусізовты қолдап қол жинау да белсенді жүргізілуде. Олардың сенім білдірілген адамдары 15 өңірде тіркелген.
Бұл ретте, соңғы үш кандидат өздерін қолдайтын партиялардың филиалдық жүйесі мен қоғамдық қозғалыстардың өңірлік құрылымдарын кеңінен пайдалануда.
Қол қою парақтары берілген басқа кандидаттар әзірге белсенділік танытпай отыр.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
