| 22.02.2011 |
|
2011 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос Еуропалық Парламенттің депутат Николь Киил-Нильсен басқарып келген делегациясымен кездесті.
Делегация мүшелері Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты Қазақстанда болып жатқан уақиғалармен кеңірек танысуға қазығушылық білдірді.
Владимир Фоос делегация мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының осы сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша атқарып отырған жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, сондай-ақ 20 ақпан күні аяқталған кандидаттарды ұсынудың қорытындыларымен таныстырып өтті.
Кездесу барысында Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары делегация мүшелерінің кандидаттарды ұсыну тәртібіне, оларға Конституция мен сайлау заңнамасы қоятын талаптарға, лингвистикалық комиссияның жұмысына, сайлау комиссияларының санына және оларды қалыптастыру тәртібіне, Ортсайлаукомның сайлау науқаны кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестігіне, барлық кандаидаттардың БАҚ-тарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету тетіктеріне, сайлауды халықаралық байқауға, сайлау қорытындыларын шығару рәсімдеріне, шағымдар мен өтініштерді қарауға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Ортсайлауком мүшесі Татьяна Охлопкова халықаралық байқаушыларды шақыру жөніндегі жұмыс барысы, оларды аккредиттеу шарттары мен мерзімдері, қазақстандық және халықаралық байқаушылардың сайлау заңнамасымен белгіленген құқықтары туралы хабардар етті.
Кездесу соңында Владимир Фоос Еуропалық Парламент өкілдері, 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауындағыдай, биылғы сайлау науқаны барысын байқауға да қатысатын болар деген сенімін білдірді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
