| 24.02.2011 |
|
2011 жылғы 24 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Серік Садықұлы Сапарғалидың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін белгілеу жөнінде қаулы қабылдады.
Сол күні Орталық сайлау комиссиясы кандидатқа оның кандидатурасын қолдап азаматтардың қолын жинау үшін қол қою парақтарын берді.
Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатты қолдаған расталған қолдардың саны 91 010 қолды құрайды. Қол жинауды кандидаттардың сенім білдірілген адамдары жүргізеді.
Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады, олар бес күн ішінде қолдардың растығын паспорт қызметі қызметкерлерінің қатысуымен тексереді, тиісті хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жібереді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
