| 26.02.2011 |
|
2011 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы сұрақ бойынша отырысы болып өтті.
Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 5-тармағына сәйкес:
1. «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы шешім қабылдаған V съезінің, осы қоғамдық бірлестікті Республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді;
2. Ж.А. Ахметбековтың Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініші;
3. Ж.А. Ахметбековтың өмірбаяндық деректері;
4. азаматтардың Ж.А. Ахметбековты қолдап жинаған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
5. кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
6. кандидаттың салық жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат тапсырылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттікке кандидат Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаланың және астанасының кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бір проценті қолдауға тиіс. Ж.А. Ахметбековтың кандидатурасын қолдап еліміздің 15 өңірінен теңдей өкілдік ететін 96557 сайлаушының қолы жиналған, бұл белсенді сайлау құқығына ие сайлаушылардың 1 пайызынан астамын құрайды.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарай келе, олар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкес келеді деп белгіледі, және Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
