| 24.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді
2016 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутатын тіркеді. Олардың ішінде:
«Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша – 84 депутат;
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша – 7 депутат;
Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша – 7 депутат;
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат.
Тіркелген барлық депутаттарға Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
