| 20.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінен байқаушылар
делегациясымен кездесу болды
2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінен байқаушылар (ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясының құрамында) делегациясымен кездесті.
Кездесуге Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі И. Морозов, Федерация Кеңесі аппараты Халықаралық байланыс басқармасының консультанты В. Некрасов (ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында) және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т. Охлопкова қатысты.
Кездесуге қатысушылар Астана қаласы сайлау учаскелерінің ашылуы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің басталуы сәттерінде болғанда алған әсерлерімен бөлісті.
Морозов мырза сайлау учаскелерінің заңға қатаң сәйкес түрде дайындалғанын, заманауи техникамен және ақпараттық материалдармен жабдықталғанын, сайлаушылардың қолайлығы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
«Қазақстандықтардың белсенділігі ұнады, таңғы сағат жетіден бастап учаскелердегі сайлаушылардың көп санын байқадық. Бұл Орталық сайлау комиссиясының үлкен ақпараттық жұмыс жүргізгенін, ОСК сайлау рәсімдерін дәл ұйымдастыру үшін қажетті барлық жағдайдың жасағанын көрсетеді, бұл әрине, шынайы демократиялық транспарентті сайлаудың өтуіне себептеседі. Дауыс беру күні - бұл азаматтық жауапкершіліктің және ынталықтың күні, ендігі сөз сайлаушыларда» - деді ол.
Кездесу соңында Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелеріне сайлауды байқауда сәттілік тіледі, олар өз кезегінде, ҚР ОСК Төрағасына дауыс берудің және қорытындыларды шығарудың табысты аяқталуын тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
