| 19.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесулер өткізді
2016 жылғы 19 наурыз күнінің екінші жартысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, түрлі елдердің байқаушылар Миссияларының Басшыларымен және орталық сайлау комиссияларының өкілдерімен бес кездесу өткізді.
Кездесуге қатысқандар:
Литва Республикасынан – Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З. Вайгаускас, ЛР ОСК мүшесі Ж. Вербылайте; Украинадан – Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы М. Охендовский, Орталық сайлау комиссиясы Хатшылығының Қаражаттың пайдаланылуын бақылау бөлімінің меңгерушісі Н. Вадимова, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының ассистенті Ю. Рудик.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан ҚР ОСК Төрағасымен кездесуге Ресей Федерациясы Мемлектеттік Думасы Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеттің мүшесі, ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет Төрағасы, ҰҚШҰ ПА делегациясының үйлестірушісі В. Васильев, ТМД ПАА ДДМХИ сайлау мониторингі бөлімінің кеңесшісі Г. Бабажанова.
Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы тарапынан кездесуге қатысқандар:
ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеттің Төрағасы, Өнеркәсіп жөніндегі комитеттің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық топтың үйлестірушісі Б. Слуцкий, Денсаулық қорғау жөніндегі комитеттің мүшесі С. Мурзабаева, Қорғаныс жөніндегі комитеттің мүшесі М. Шингаркин, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының Дипломатиялық протокол және паспорттық-визалық қамтамасыз ету бөлімінің бас кеңесшісі Н. Острогская, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ТМД және Балтық елдерімен ынтымақтастық бөлімінің кеңесшісі Л. Ананьева.
ТМД-дан байқаушылар Миссиясы тарапынан кездесуге қатысқандар:
Миссия Басшысы, ТМД-ның Атқарушы комитетінің Төрағасы – Атқарушы Хатшысы С. Лебедев, ТМД Атқарукомы Төрағасы аппаратының жетекшісі С. Бурутин, ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының жетекшісі Е. Слобода.
ҚР ОСК Төрағасы кездесулер барысында делегациялар мүшелерін Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен таныстырды, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық туралы айтты, сондай-ақ делегациялар мүшелерінің сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге, оны қорытындылаудың мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Делегациялар басшылары ҚР ОСК-на шақыру үшін ризашылығын білдіріп, сайлау науқанын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті және сайлау учаскелерінде байқауды объективтік және әділдік қағидаттарын басшылыққа алып жүзеге асыратындарын айтты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
