| 11.03.2011 |
|
2011 жылғы 11 наурызда 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды
Жұмыс тобы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының өкімімен 2011 жылғы 1 наурызда құрылды және Ортсайлауком жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Оның құрамына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Бас прокуратурасының, Байланыс және ақпарат министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің өкілдері кірді.
Жұмыс тобының негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түсетін өтініштерді қорыту;
2) неғұрлым жиі келіп түсетін өтініштер жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Жұмыс тобы өзінің міндеттеріне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардан және қоғамдық бірлестіктерден, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан жұмыс тобының міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының ішінен көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі, Жұмыс тобы отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатқа ие болады.
Жұмыс тобының алғашқы отырысына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының және ТМД Миссиясының байқаушылары қатысты.
Жұмыс тобының басшысы – Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В. Фоос қатысушыларды Ортсайлаукомға келіп түскен өтініштер мен шағымдардың саны және сипаты туралы хабардар етті.
Бұл ақпарат назарға алынды. Өтініштердің біреуін Орталық сайлау комиссиясының отырысына шығару шешілді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
