| 19.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында халықаралық байқаушылармен кездесулер болды
2016 жылғы 19 наурыз күні ішінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері халықаралық байқаушылармен тоғыз кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б. Мелдешов Беларусь Республикасы, Эстония Республикасы, Тәжікстан, Грузия Орталық сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесті.
Кездесулерге орталық сайлау комиссияларының жетекшілері мен өкілдері: Беларусь Республикасынан – Сайлау және республикалық референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссия мүшелері А. Дудко мен И. Щурок, Эстония Республикасынан - Ұлттық сайлау комитетінің мүшесі, Үкімет Хатшылығының басшысы Айвар Сухно мен Риигокогу (Парламент) Кеңсесінің сайлау жөніндегі бөлімінің кеңесшісі Ариэ Койтмаэ, Грузиядан - Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Г. Шарабидзе мен Орталық сайлау комисиясының мүшесі Э. Какулия, Тәжікстан Республикасынан – Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының Хатшысы М. Азизова қатысты.
ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев Польша Республикасы Сеймасының бұрынғы төрағасы Ежи Вендерлихпен кездесті, Аустриядан халықаралық байқаушылармен – Еуропа Кеңесінің бұрынғы Бас Хатшысы, «Өркениеттер диалогы» әлемдік қоғамдық форумы» халықаралық үйлестіру комитетінің төрағасы Вальтер Швиммермен, Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің бұрынғы депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы төрағасы Вольфганг Гроссрукпен, бұрынғы депутат, «Миш Электромоторен АГ» фирмасының директоры Кристиан Мишпен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарынан және Канададан тәуелсіз халықаралық байқаушылармен: Вашингтон штатынан экс-конгрессмен Дональд Бонкермен, Халықаралық басқарудың инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері Маргарет Скокпен, Халықаралық салық және инвестициялар орталығының Президенті Даниэл Алан Уиттпен, «Джеймстаун» Вашингтон Қорындағы ғылыми қызметкер Владимир Сокормен, «Викистрат» Геостратегиялық талдау және бизнес кеңес беру ұйымындағы сарапшы Ричард Уильям Вейтспен кездесулер өткізді.
ҚР ОСК мүшесі Л. Сүлеймен Түрікменстанның Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссия Төрағасының орынбасары А. Уссаевпен және Үнді республикасы Мадхья штатының Сайлау жөніндегі басшысы Салина Сингх ханыммен кездесті.
Болған кездесулер барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері байқаушыларды электораттық процесс барысымен, сондай-ақ сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы ақпараттандырып, кездесу қатысушылардың сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге, оны қорытындылау мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Делегациялар басшылары елдегі сайлау алдындағы тыныш, игілікті жағдайды, сайлау науқанын ұйымдастырушылар дайындығының жоғары кәсіби деңгейін атап өтті және дауыс беру күні байқауды объективті және әділ жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
