| 19.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобымен кездесуі болды
2016 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобымен кездесуі болды.
Кездесуге Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлис Төрағасының орынбасары, ТМД ПАА-дан байқаушылар тобының үйлестірушісі В. Алескеров, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы Тұрақты Комиссиясының Аумақтық басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі мүшесі А. Агабанян, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы Тұрақты Комиссиясының Мемлекекеттік-құқықтық мәселелері жөніндегі мүшесі Л. Мартиросян, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Республика Кеңесінің Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының Төрағасы В. Сенько, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары Р. Казакбаев пен Б. Сүлейманов, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Е. Серебрянников, Тәжікстан Республикасы Маджлиси Олидің Маджлиси миллидің Маджлиси намояндагонмен, атқарушы билікпен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметін үйлестіру және парламентаралық байланыс жөніндегі Маджлиси милли комитетінің мүшесі С. Дададжанова, Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлис намояндагон депутаты А. Рахмонзода, ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің өкілі А. Джафаров, ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының өкілі В. Когут, ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің өкілі Х. Бакенов, ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы Басшысының орынбасары – Халықаралық демократия, парламентаризм дамуының және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқығын сақталуының мониторингі институтының директоры, ТМД ПАА ДДМХИ директорының орынбасары С.Караваев, ТМД ПАА ДДМХИ Сайлау мониторингі бөлімінің басшысы Ю. Анисимова, ТМД ПАА Хатшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі С. Малинина, ТМД ПАА ДДМХИ филиалдарымен жұмыс жөніндегі кеңесшісі И.Фролов, ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығының парламенттік ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының делегациясымен жұмысқа жауапты Г. Андреев, ТМД ПАА ДДМХИ сарапшылары тобының жетекшісі А. Карпов, ТМД ПАА ДДМХИ сарапшысы Д. Гладей қатысты.
Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Т. Охлопкова мен Л. Сүлеймен қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком Басшысы байқаушыларды Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен және оның ерекшеліктерімен таныстырды.
«Біз елімізге шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының келуін қошеметтейміз және олардың тиімді, объективті және нәтижелі жұмысы үшін барлық жағдайларды жасаймыз» - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.
ТМД ПАА Кеңесінің өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау барысын байқауға қатысу үшін шақыруға ризашылықтарын білдіріп, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты көптеген жағымды кезеңдерді атап өтті.
Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов ТМД ПАА-дан сарапшылар мен байқаушыларға байқауды жоғары кәсіби деңгейде жүргізулерін тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
