| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Ислам ынтымақтастығы ұйымынан делегациямен кездесті
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Ислам ынтымақтастығы ұйымынан делегациямен кездесті.
Кездесуге делегация Басшысы, ИЫҰ-ның Саяси мәселелері жөніндегі департаментінің директоры Али Аболхассани, сондай-ақ ИЫҰ-ның Саяси мәселелері жөніндегі департаментінің қызметкерлері Намиг Хусейнов және Сиддиг Ибрахим Адам Джаро қатысты.
Ортсайлауком Басшысы кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі Орталық сайлау комисиясының жұмысымен таныстырып, сайлау науқанының ерекшеліктері, дауыс беру күніне дайындық барысы туралы айтты.
Кездесу шеңберінде Ортсайлауком Төрағасы делегация мүшелерінің сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ сайлауды қорытындылаудың мерзімдері мен тәртібіне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Али Аболхассани мырза қазақстандық тарапқа шақыруға және сайлауды байқауға қатысу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесін республика заңының нормаларына және демократиялық халықаралық қағидаттарға қатаң сәйкестікте ұйымдастыруын жоғары бағалады
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
