| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Малайзия Сайлау комиссиясы Төрағасымен кездесті
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Малайзия Сайлау комиссиясың Төрағасы Мохд Хашим Абдулламен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Малайзия сайлау комиссиясы аппаратының заң кеңесшісі және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л. Сүлеймен қатысты.
Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырып, қоса өткізілетін сайлау науқанының ерекшеліктері туралы, саяси партиялардың телепікірсайысын өткізу туралы, үгіттік кезеңнің аяқталғаны туралы және сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы айтты.
Малайзия сайлау комиссиясының Төрағасы Қазақстанның сайлаушылар тізімдерін құру бөлігіндегі оң тәжірибесін жоғары бағайлайтынын атап өтті. «Бізді азаматтарды сайлаушылар ретінде тіркелуіне және дауыс беруге белсенді қатысуына қалайша ынталандыруға болатыны қызықтырады. Малайзияның проблемасы - елдің тек 65 %-ы ғана дауыс беретіндігі. Біз Қазақстанға шақырылдық және сайлаушылар тізімдерін жандандыру және түзету, сондай-ақ электоратты оқыту жөніндегі сіздердің тәжірбиелеріңізді қабылдағымыз келеді» - деді Мохд Хашим Абдулла.
Кездесу шеңберінде Тұрғанқұлов мырза делегация мүшелерінің Қазақстан партияларының үгіттік жұмысына, учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне, байқаушылардың құқықтарына, шетелдік БАҚ өкілдерінің сайлауды байқауға қатысуына қатысты сұрақтарына жауап берді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
