| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері
Л. Сүлеймен мен М. Сәрсембаев Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) бұрынғы Елшісі Яо Пэйшэн мырзамен кездесті
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Л. Сүлеймен мен М. Сәрсембаев Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) бұрынғы Елшісі Яо Пэйшэн мырзамен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ ҚХР СІМ-нің жауапты қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком мүшелері Яо Пэйшэн мырзаны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысымен таныстырды, оның негізгі кезеңдері туралы ақпараттандырып, делегация мүшелерінің сайлау заңнамасына және электораттық науқанды әзірлеу мен өткізу барысына қатысты бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Яо Пэйшэн мырза ҚХР-дан байқаушылар байқауды алаламай жүзеге асыруға ниет білдіретіндерін атап өтті.
«Сайлау науқаны ашық және айқын өтуде. Сайлау туралы барлық ақпарат БАҚ және сайлауға қатысушылар үшін қол жетімді» - деп атап көрсетті Пэйшэн мырза және сайлауды өткізуде сәттілік тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
