| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдерден делегациямен кездесті
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдерден делегациямен кездесті.
Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан кездесуге делегация Басшысы, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің депутаты Низами Гулу оглу Джафаров, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Абылкайыр Осмонбекович Узакбаев, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Халюк Ипек, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Эркан Айдын, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы Протоколының қызметкері Алмила Хаким, ТүрікПА-ның Бас Хатшысы Жандос Ануарович Асанов және ТүрікПА комиссиясының хатшысы Эмин Акиф оглу Гасанов қатысты.
Ортсайлауком Басшысы делегация мүшелерін сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі - сайлауалды үгіттің аяқталғаны туралы ақпараттандырды, сондай-ақ 2016 жылғы 16 наурызда болған саяси партиялардың теледидарлық пікірсайысын ұйымдастыру жөніндегі Ортсайлаукомның жұмысы және елдегі сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы айтты.
Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы делегациясының Басшысы Джафаров мырза Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұжымының және олар басқаратын төмен тұрған сайлау комиссияларының өте жоғары кәсіби деңгейін көрсететінін атап өтті.
«Сіздің елдегі сайлау сайлаушылардың жоғары белсенділігімен және демократиялық қағидаттарға сәйкес өткізілуімен әрқашан ерекше» - деді ол.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
