| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
18 наурызда Орталық сайлау комиссиясында Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесімен кездесу болды
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Светлана Гурумен кездесті.
Татьяна Охлопкова еліміздегі Парламент Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлауға мониторинг жүргізуге шетелдік байқаушылардың қатысуы маңызды, себебі Қазақстан сайлауды халықаралық қағидаттарға сәйкес транспарентті және әділ өткізуге зор маңыз беретінін атап көрсетті және молдовалық әріптесін электораттық науқанның негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Кездесу барысында саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Гуту ханым Қазақстан Республикасы сайлау органдарының кәсіпқойлығын және сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, дауыс беруді және науқан нәтижелерін қорытындылауды өткізуде сәттілік тіледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
