| 03.03.2011 |
|
2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2 наурыз күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау заңнамасына сәйкес, қоғамдық ұйымнан Президенттікке кандидатты тіркеу келесі құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) қоғамдық бірлестіктің жоғары органының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті Республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді;
2) Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш;
3) кандидаттың өмірбаяндық деректері;
4) азаматтардың кандидатты қолдап жинаған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
5) кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
6) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.
Президенттікке кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу келесі құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) Президенттікке кандидат болып дауысқа түсу ниеті жөніндегі өтініші;
2) азаматтардың кандидатты қолдап жинаған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
3) кандидаттың өмірбаяндық деректері;
4) кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 7-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2011 жылғы 2 наурызда 23 сағат 45 минутта өткізілген отырысында тіркеу үшін қажетті барлық құжаттарды табыс етпеулеріне байланысты Сәлім Сағындықұлы Өтенді, Гүлдана Шәмиқызы Тоқбаеваны, Жақсыбай Әбішұлы Бәзілбаевты және Серік Садықұлы Сапарғалиевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады.
1 наурыз күні Қанат Сбашұлы Турагелиев өз кандидатурасын алып тастады. 2 наурыз күні өз кандидатураларын Құрманғазы Әбденұлы Рахметов пен Мұсағали Сәрсенбайұлы Дуамбеков алып тастады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2. Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков
3. Мэлс Хамзаұлы Елеусізов
4. Ғани Есенкелдіұлы Қасымов тіркелген.
2011 жылғы 3 наурыздан бастап тіркелген кандидаттар сайлауалды үгітке кірісуге құқылы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
