| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б. Мелдешов Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы М. Рагимовпен кездесті
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Б. Мелдешов Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы М. Рагимовпен кездесті.
Кездесуге Әзірбайжан Республикасы ОСК аппараты Халықаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Р. Юсифбейли қатысты.
Әзірбайжан Республикасы ОСК Хатшысы Қазақстанда сайлауды байқауды бірінші рет жүзеге асырып отырмағандығын айтты.
«Сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылуын атап өткім келеді және біздің қазақстандық әріптестерге осы жылы да сайлауды транспаренттік пен плюрализмнің демократиялық қағидаттарына сәйкес жоғары кәсіби деңгейде өткізуді тілеймін» - деп атап өтті Рагимов мырза.
Б. Мелдешов делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен таныстырып, ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы айтты.
«Сайлау науқанының үлкен үш кезеңі аяқталды. Дауыс беру күніне дайындық күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасын бұзушылықтарсыз өтуде» - деп атап көрсетті ол.
Кездесу соңында екі елдің Орталық сайлау комиссияларының Хатшылары ынтымақтастықтың және сайлау тәжірибесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру саласында тәжірибе алмасудың одан әрі жалғасуына ниет білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
