| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасымен кездесті
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Арнис Цимдарспен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сниедзе Спроге және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова қатысты.
Ортсайлауком Басшысы латвиялық әріптестерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыспен таныстырды.
Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, сайлауалды үгітті жүргізу шарттарына, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және сайлауды қорытындылау тәртібіне қатысты жекелеген сәттеріне, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутатты сайлау ерекшеліктеріне тоқталды.
Цимбарс мырза шақыруға және сайлау науқанының барысына толық шолу үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан байқаушылар өздерінің өкілеттіктерін әділ және алаламай жүзеге асыратындарын атап өтті.
«Біздің көзқарасымызша, сайлауға дайындық тыныш және іскер жағдайда өтуде» - деді ол.
Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов Цимбарс мырзаға қазақстандық сайлауға танытқан шынайы қызығушылығына және сайлау процесін одан әрі жетілдіру саласында пікір және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
