| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасымен кездесуі болды
2016 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтың Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы М.Э. Абдусаломовпен кездесуі болды.
Кездесуге сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Баспасөз қызметінің басшысы Н.Н. Нурматов, Өзбекстан Республикасы Олий Мажилисінің Заң шығарушы Палатасының мүшесі О.Ч. Джумаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В. Охлопкова қатысты.
Қазақстан Ортсайлаукомының Басшысы Абдусаломов мырзаға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысы туралы ақпарат ұсынды.
«Сайлау науқаны «тікелей мәреге» шықты. Бүгін үгіт кезеңі аяқталады, ертең «тыныштық күні». Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген, сонымен қатар халықаралық байқаушылар Миссиялары да жүргізетін мониторинг қорытындылары ОСК саяси партияларға заңда кепілдік берілген БАҚ-қа тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ете алғанын көрсетті» - деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.
Абдусаломов мырза әңгіме барысында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы үлкен ұйымдастырушылық жұмыс істегенін атап өтті. «Сайлау науқанының барлық кезеңдерін өте жақсы ақпараттық қамтамасыз ету электораттық процестің транспаренттігін арттыруға себептеседі және заңнама нормаларын қатаң сақтай отырып, сайлауды жоғары демократиялық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді» - деді ол.
Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының Ортсайлауком Басшысы ағымдағы сайлау науқанының аяқталуында және қорытындыларының шығаруда табыс тіледі.
Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов екі елдің электораттық процестерінің дамуы туралы тәжірибемен және ақпаратпен алмасу мақсатында алдағы уақыттағы өзара қарым-қатынасқа сенім білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
