| 11.03.2011 |
|
2011 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы болды, онда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқау жөніндегі миссияның 15 байқаушысын, Венгрия Республикасынан 2 байқаушыны, Литва Республикасынан 2 байқаушыны және Украинадан 2 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылданды.
Отырыс аяқталғаннан кейін болған брифинг барысында Ортсайлауком Басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сайлау науқанының барысы мен Орталық сайлау комиссиясының жұмысы туралы құлағдар етті.
«Қазіргі уақытта барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісіп кетті және өз биліктеріндегі ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарды белсенді пайдалануда.
Осыған байланысты, сайлау органдарының осы кезеңдегі негізгі мақсаты – барлық кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуіне кепілдік беретін сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету» деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.
Сайлау алдындағы үгіттің жүргізілуін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін сайлау заңнамасы нормаларының орындалуын бақылауды реттеуді ұйымдастыру мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, БАҚ-тарға мониторинг жүргізді, ол 53 баспасөз басылымы мен 11 республикалық теледидар арнасын қамтыды.
Мониторингтің деректері бойынша 3-10 наурыз аралығында баспасөз БАҚ-тарында сайлау тақырыбына арналған 223 материал жарияланды. Электрондық БАҚ-та осы кезеңде 406 материал эфирге шықты. 166 материал қоғамдық-саяси интернет-ресурстарда орналастырылған.
Төрт кандидаттың үшеуі баспасөз БАҚ-тарында үгіт жүргізу үшін сайлау қорларының қаражатын әлі пайдаланған жоқ. Теледидарда үгіт материалдарын кандидаттардың барлығы орналастырды.
Кандидаттар мен олардың сайлауалды штабтарының қызметі туралы республикалық телеарналардағы қорытынды жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер санынан бұқаралық ақпарат құралдарының тұтастай сайлау заңнамасының талаптарын орындағаны көрінеді.
Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес кандидаттарға теледидарда 15 минут сөз сөйлеуі үшін, радиода 10 минут сөз сөйлеуі үшін, сондай-ақ баспасөз басылымдарында екі мақала жариялауы үшін бөлінген қаражатты тіркелген кандидаттардың бірде-бірі әзірге пайдаланған жоқ.
Сонымен бір уақытта Ортсайлауком сайлау ұйымдастырушылар мен барлық сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жөніндегі жұмысын жалғастыруда.
9-19 наурыз аралығындағы кезеңде облыстардың барлығында дерлік оқытушы семинар-кеңестер өткізілетін болады. Оларға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кандидаттардың сенім білдірген адамдары және бұқаралық ақпарат құралдары шақырылатын болады. Сондай-ақ оларға Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлері де қатысады.
Сонымен қатар Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары жақын арадағы өз отырыстарын дауыс беру күніне дайындыққа арнайтын болады. Бұл отырыстарға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, түрлі деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері шақырылатын болады.
18 наурызда Ортсайлауком Астана қаласында дауыс беру күніне дайындық қалай жүріп жатқанын қарайды.
Ортсайлауком басшысы сондай-ақ 2011 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанынан 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты ақпараттық дауларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңес және Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылғанынан хабардар етті.
2011 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 14 шағым келіп түсті. Олардың ішінде біреуі - сайлау комиссиясының іс-әрекеттеріне байланысты шағым. Тағы екі шағым үгіт науқаны барысында сайлау заңнамасы нормаларының бұзылуы мүмкін деген жорамалдарды қамтиды. Аталған шағымдарды қарау барысында оларда көрсетілген фактілер расталмады. Шағымданушыларға түсініктемелер берілді.
2 өтініш қаралуда.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
