| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
18 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
М.А. Сәрсембаевтің Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінен халықаралық байқаушылар делегациясымен кездесуі болды
М.А. Сәрсембаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінен халықаралық байқаушылар делегациясымен – Король адвокаты, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Жоғарғы соты судьясының әкімшілік істері жөніндегі орынбасары Джеймс Томас Левиспен және «Integrative Media LLP» Бас атқарушы директоры Алан Джонс Спенспен кездесті.
Кездесу барысында Ортсайлауком мүшесі және Левис мырза Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі шетелдік Миссиялардың өзара іс-әрекеттерінің мәселелері жөнінде, халықаралық байқаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, шетелдегі Қазақстан азаматтарының дауыс беру тәртібі, дауыс беруді ұйымдастыру рәсімдері туралы пікір алмасты.
М. Сәрсембаев байқаушылардың сайлау науқанының барысы туралы қажетті ақпаратты алатынын атап көрсетті.
«Орталық сайлау комиссиясы мен байқаушылардың мүдделері ұқсас. Біз сайлаудың ашық және демократиялық сайлаудың жалпыға танымал халықаралық қағидаттарына сәйкес өтуіне ұмтыламыз» - деп атап өтті М. Сәрсембаев.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
