| 18.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлау алдындағы үгіттің аяқталуы және
дауыс беру күніне дайындық туралы
2016 жылғы 18 наурыз күнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіті, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау науқаны аяқталады.
ҚР ОСК-да өткен брифинг барысында Ортсайлауком мүшесі Б. Мелдешов БАҚ өкілдеріне сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 13 399 сайлау комиссиясының тартылғаны туралы хабарлады. Олардың ішінде: 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ аудандық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 2 160 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы. Жалпы алғанда олардың құрамында 93 мыңнан астам мүше бар.
Олардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді. Орталық сайлау комиссиясы үш республикалық семинар: сайлауды ұйымдастырушылар үшін; БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Ортсайлауком барлық сайлау комиссияларын қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етті. Атап айтқанда, ҚР ОСК тапсырысы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірген адмдары, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері үшін ақпараттық плакаттардың 8 түрін және жаднамалардың, құралдардың, жинақтар мен басқа да баспа өнімдерінің 14 атауы әзірленді. ҚР ОСК тапсырысы бойынша басып шығарылған әдістемелік құралдар www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленді, ол еліміздің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілді.
Учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құжаттармен және жабдықпен қамтамасыз етілген. Сайлау бюллетеньдері сайлау учаскелеріне жеткізілді.
Қазіргі уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүруде.
Сонымен бір уақытта сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 791 165 адам енгізілді.
«Сайлау күні сайлаушы еліміздің кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруі үшін, ол алдын ала дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу қажет. Сайлаушылар оны 19 наурыз күнгі сағат 18.00-ге дейін ала алады. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келген сайлаушыларға берілмейтінін атап өтемін. Өйткені партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда еліміздің барлық аумағы сайлау округі болып табылады, сондықтан осы сайлауда есептен шығару куәлігі бар сайлаушылар еліміздің кез келген нүктесінде дауыс бере алады. Ал мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға өз сайлау округі шегінде ғана дауыс беруге болады» - деп атап көрсетті Ортсайлауком хатшысы.
Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін 9 840 сайлау учаскесінде өтеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы алдағы сайлауды байқауды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелдік БАҚ-тардың 147 өкілін аккредиттеді.
Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді.
Сонымен қатар, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
