| 17.03.2016 |
|
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі ШЫҰ Миссиясының жетекшісімен кездесу болды
2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымынан байқаушылар Миссиясының Басшысы А.З. Носировпен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы Хатшылығының бас сарапшысы М.А. Асейинов қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком Басшысы Носиров мырзаны Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен толық таныстырды.
«Электораттық науқан кезеңдері заңнамада көзделген тәртіпте өтуде. 18 наурыз күні сағ.24:00-де саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады. БАҚ-қа мониторингтің алдын ала қорытындылары көрсеткендей, тұтас алғанда біз сайлауға қатысушы саяси партиялардың барлығына бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ете алдық. Кеше, Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес алты саяси партия теледидарлық пікірсайысқа қатысты. Үгіттік жұмыстың мұндай нысаны сайлау туралы заңда көзделген» - деп атап көрсетті Қуандық Тұрғанқұлов.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша ШЫҰ Миссиясының Басшысы ШЫҰ Миссиясы осы ұйымның беделді мүшесі болып табылатын Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға ниет білдірді.
Носиров мырза сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру деңгейіне және қазақстандық БАҚ-тың сайлау науқаны кезіндегі қызметіне баға берді.
«Біз дайындық рәсімдерінің маңыздылығы мен мұқияттылығын атап өттік. Біздің Миссия сайлауды байқауды қазақстандық заңнама шеңберінде және халықаралық өлшемдер негізінде жүргізеді» - деді Носиров мырза кездесу соңында және Орталық сайлау комиссиясына және Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырушылардың барлығына сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-28-44, 75-23-69
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
